Италияда ковид-сертификаты жоқ тұрғындар жұмысқа жіберілмейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Италияда коронавирус сертификатын алмаған азаматтар жұмысқа жіберілмейді. Бұл туралы Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ертеңнен бастап Сауд Арабиясында кейбір карантиндік талаптар жойылады. Елдің Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, көшеде қорғаныш маскаларын міндетті тағу талабының күші жойылады. Бетпердені тек көшеде тақпауға болады, жабық бөлмелерде маска кию жалғасады. Пандемия басталғаннан бері Сауд Арабиясында инфекцияның 547 845 жағдайы тіркелді (өткен тәулікте +48), 8 758 адам COVID-19 салдарынан қайтыс болды.

Италия үкіметі республика азаматтарының коронавирусқа қарсы белсенді вакциналанатынын хабарлайды. Бір апта ішінде вакцинацияның тәуліктік саны үштен бір бөлікке өсті. 15 қазаннан бастап Италияда эпидемиологиялық нормалар күшейтілді: ковид-сертификаты жоқ азаматтар жұмысқа бара алмайды. Бұл құжатты егілген, ауырып жазылған немесе теріс нәтижесі бар ПТР-тест ұсынған адамдар ала алады. Вакцина алмағандар тесті өз акшаларына жасатады. Италияда бірінші және қайта егуді 43 684 885 тұрғын алды.


Соңғы жаңалықтар