Италиядағы жер сілкінісі: пойыздар тоқтатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Флоренцияның солтүстігінде 4,5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Tuscan Trends порталына сілтеме жасап.

«4,5 балдық жер сілкінісі 9 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 04:37-де Флоренцияның солтүстігіндегі Скарперия Сан Пьеро қаласының жанында болған», - делінген хабарламада.

Порталдың хабарлауынша, адамдар үйлерін тастап, автокөліктерінде түнеген. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Бірақ кейбір үйлер қираған.

Сондай-ақ аймақта 3,4 балдық бірнеше дүмпу тіркелген.

Айта кетейік, жер сілкінісі салдарынан Италияның темір жолы Флоренциядан кететін және оған келетін пойыздардың қозғалысын 4 сағатқа тоқтатты.

Соңғы жаңалықтар