+7 (701) 759 90 19
USD 414.77 EUR 506.81
RUB 5.64 CNY 64.32
Jańalyqtar

Израильдегі экологиялық апат: тазалау жұмыстарына айлар, тіпті жылдар кетуі мүмкін

2021 жылғы 22 ақпан 16:04
Бөлісіңіз:
Израильдегі экологиялық апат: тазалау жұмыстарына айлар, тіпті жылдар кетуі мүмкін

ТЕЛЬ-АВИВ. ҚазАқпарат – Жерорта теңізінде мұнай өнімдерінің төгілуі салдарынан Израиль жағалауының 160 шақырымға жуық учаскесі гудрон немесе шайырға ұқсас қара ұйынды жамылды. Бұл елдің табиғаты мен жануарлар әлемі үшін экологиялық апат, деп хабарлайды ҚазАқпарат Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ганада екі автобус соқтығысып, 16 адам қаза тапты Атырау облысында қоршаған ортаға 1 млрд теңгенің залалы келген «Теңізшевройлдан» экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 726 млн-нан астам теңге өндірілді

Жексенбі күні Израиль билігі адамдарды Жерорта теңізінің жағажайларынан алыс жүруге ескертті, себебі онда алып мұнай дағын тазалау жұмыстарымен мыңдаған жұмысшы мен еріктілер айналысып жүр.

Израиль елінің Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бағалауынша, қара ұйындылар белгісіз кемеден ондаған немесе жүздеген тонна мұнайдың төгілуі салдарынан болған.

Израильдің Табиғат және саябақтар басқармасы мұнайдың төгілуін ел тарихындағы «ең күрделі экологиялық апаттардың бірі» деп атады. Ресми тұлғалар тазалау жұмыстарына айлар, тіпті жылдар өтуі мүмкін екенін мәлімдеді.


Татьяна Кудренок


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT