Израиль мен Швейцарияда маймыл шешегі анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Израиль мен Швейцарияда маймыл шешегін жұқтырудың алғашқы оқиғалары расталды. Бүгінде ауру анықталған елдер саны 14-ке жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат BBC ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Екі елде де ауруды бірінші жұқтырғандар жақында ғана шетелден келген. Израильде инфекцияның бірнеше жағдайы зерделену үстінде.

Маймыл шешегі Орталық және Батыс Африкада жиі кездеседі. Бұл аймақтан тыс жерде оның қоздырғышын көбінесе сол жерде болған адамдар мен жануарлар тасымалдайды.

АҚШ, Канада, Австралия және Еуропада маймыл шешегінің жаңа жағдайлары зерттелуде.

Осы аптада АҚШ, Канада, Испания, Португалия, Ұлыбритания, Франция, Италия, Швеция және Австралия билігі де өз аумағында аурудың өршуін растады.

Әлемде инфекцияның 80-ге жуық расталған жағдайы туралы хабарланған, бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегін жұқтырды деген күдікке ілінген тағы 50 пациент туралы айтты, бірақ қай елде анықталғаны атамай отыр. Ұйым ауру санының әлі де артатынын ескертті.

Ғалымдар індеттің осынша қарқынды таралатынын күткен жоқ, десе де маймыл шешек адамнан адамға оңай жұқпайды. Британдық денсаулық сақтау қызметінің мәліметінше, ауру әдетте жеңіл өтеді, адамдардың көбі бірнеше апта ішінде сауығып кетеді.


Соңғы жаңалықтар