«Jas Otan» белсенділері аналар мен дәрігерлерді құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 8 наурыз қарсаңында жасотандықтар Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді аурухананың акушерлік бөліміне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Белсенділер орталықтың қызметкерлері мен аяулы аналарды Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады және мерекелік гүл мен жеміс-жидек салынған себеттер сыйлады.

«Әйелдер күнімен құттықтауды сәбилердің жаңа өмір есігін ашатын перзентханадан бастауды жөн көрдік. Алдымен аналарымызды, содан соң акушер, дәрігер, педиатрларды құттықтап, оларға жылы лебіздеріміз бен жарқын көңіл-күй сыйладық. Сіздерге және жақындарыңызға амандық, ең бастысы денсаулық тілегім келеді», - деді «Jas Otan» ЖҚ жетекшісі Нұржан Жетпісбаев.

Сонымен бірге, жасотандықтар перинаталды орталықтың қызметкерлерін де құттықтады. Коронавирус пандемиясы қоғамға медицина мен дәрігерлердің ерекше орны мен олардың жанқиярлық еңбегін, жұмысына деген адалдықтарын көрсетті.

«Кез келген әйел үшін сәбиінің дүниеге келуі – ең үлкен бақыт және осындай бақытқа перзентханада куә болады. Бұл қуанышқа сіздердің қосқан үлестеріңіз зор! Сондықтан, сіздердің қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын және келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!»,- деп толықтырды Нұржан Арғынұлы.

Жасотандықтардың құттықтауы мұнымен тоқтап қалмайды. Алдағы бірнеше күнде белсенділер қаламыздың басты көшелерінде тұрғындар мен қала қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйламақ.


Соңғы жаңалықтар