Кабулда Ауғанстан бас прокурорының кеңсесі маңында жарылыс болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні Кабул қаласындағы бас прокурордың кеңсесі маңайында қатты жарылыс болды. Бұл туралы Ауғанстанның Ariana News телеарнасы жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қолда бар мәлімет бойынша, жарылыс Дарул-Аман көшесінде болған. Жарылғыш құрылғы мотоциклге орнатылуы мүмкін.

Жергілікті полиция аталған ауданда жарылыс болғанын растады және оқиға салдарынан құрбандар болуы мүмкін екенін жоққа шығармады. Әзірге жарылыстан зардап шеккендер мен құрбандар туралы нақты деректер жоқ.


Соңғы жаңалықтар