Кадрлық ауыс-түйістер: Айдос Үкібай Елбасының Кеңесшісі-Баспасөз хатшысы болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Кеңсесінде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Шешімімен:

Әділ Қапанұлы Тұрсынов ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі;

Нұрлан Жамбылханұлы Қаймолдаев ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Кеңсесі Басшысының орынбасары;

Айдос Ыдырысұлы Үкібай ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

Аталған тұлғалар бұрынғы атқарған қызметтерінен босатылды.


Соңғы жаңалықтар