+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

Қаһар Дадашев: Тәуел­сіз елдің бас­ты табысы – ынтымақ пен береке

2021 жылғы 8 қаңтар 16:57
Бөлісіңіз:
Қаһар Дадашев: Тәуел­сіз елдің бас­ты табысы – ынтымақ пен береке

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Біздің тілегіміз бір, мақсатымыз айқын. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласына қатысты Қызылорда облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің жетекшісі Қаһар Дадашев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жас кезімде ел ішіндегі ақ­сақал­дарға сәлем бере жүріп талай әңгіме тың­дағаным бар. Сондайда қарттар тәлім­ді сөзін «Адам басына бақтың қон­ға­нын білмейді, ұшқанын біледі» деп тү­йін­дей­тін. Ынтымақ пен бере­кені ерте жү­ретін сол бақ қазір Қазақ елінде. Тәуел­сіз елдің бас­ты табысы да осы.

Ал сол басты табысқа біз бірлік пен татулығымызды берік сақтап, Тұңғыш Президентіміздің арқасында жеттік деп білеміз. Ауызбіршілік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерде қашанда нәтижелі істердің болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығы арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.

Дамудың сыры - бірлікте, табыстың сыры - тірлікте дегендей, ортақ Отанымыз Қазақстанның босағасын берік, шаңырағын биік ұстап, түтінін түзу ұшыру елдік міндет. Біздің тілегіміз бір, мақсатымыз айқын. Ол жері гүлденген, елі түрленген, дамуы жедел, ұрпағы кемел мәңгілік Қазақстан. Жақында жарияланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы да соған дәлел.

Қазақстанда тұратын этникалық топтар – бұл достықтың өзіндік көпірі іспеттес. Достық пен тығыз байланыстардың нығаюына көрші мемлекеттерде тұратын этникалық қазақтар да ықпал етеді. ҚХА этномәдени бірлестіктері мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдетуге, елімізге озық технологияларды импорттауға және т.б. септігін тигізіп келеді.

Бір шаңырақ астына түрлі ұлт пен ұлысты ұйыстырып, бүгінде ұлтаралық татулықтың үлгісіне айналған елміз. Тарихтан белгілі, тағдыр тәлкегімен жан сауғалаған талайды бауырына басқан, өзгенің қайғысын өз қайғысындай бөліскен ұлы дала ұрпағының ұлылығы бұл. Талай заманды бастан өткеріп, тәуелсіздік елге айналған Қазақ елі жерін мекендеген ұлт пен ұлыстың Отанына, бірлік мекеніне, қоғамдық келісім орталығына айналды. Бүгінгідей ақпараттар тасқыны заманында айналадағы орын алып жатқан жағдайлардан жұртшылық әрдайым хабардар. Тынышы кеткен, бейбіт күнді арман еткен елдерді мысал етудің өзі артық болар. Бүгінгі тәуелсіз қазақ елінің байрағының көкпен таласа желбіреуі де бірлік пен ынтымақтың арқасы. Сондықтан бірлігімізді берік сақтайық, ағайын!


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT