Қалаларды «карантинге жапқан» қостанайлық азамат халықтан кешірім сұрады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – WhatsApp арқылы жалған ақпарат таратқан Меңдіқара ауданының тұрғыны облыс халқынан кешірім сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қостанай облысында WhatsApp желісі арқылы жалған ақпарат таратқан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол Меңдіқара ауданы Қасқат ауылының тұрғыны Владимир Дядин болып шықты. Осы қылығы үшін ол облыс халқынан кешірім сұрап, видео жолдады.

«WhatsApp желісінде тараған Қостанай, Лисаковск, Рудный, Тобыл қалаларында карантин енгізілгені туралы аудиожазбам үшін кешірім сұраймын. Бұл жалған ақпарат. Жағдайдың қиын екенін түсіндім, фейк сілтемелерге сенбеуге шақырамын», - дейді Владимир Дядин.

Қазіргі уақытта полиция осы факт бойынша тергеу шараларын жалғастыруда.


Соңғы жаңалықтар