Қали Сәрсенбай: Жаңарған ұлт, жаңғырған елдің жетістігін жаһанға таныстыра алады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Жаңарған ұлт, жаңғырған елдің жетістігін жаһанға таныстыра алады. Мұндай пікірді жазушы, журналист «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдау жасады. Президент Жолдауында ұлттық деген ұғымға ерекше мән берді. Демек, қандай іргелі сала болмасын ол ең алдымен ұлтқа қызмет етуге тиіс. Ол сонда ғана өзінің ұлттық мәртебесіне лайық бола алады. Яғни, барлық сала жаңғыруы, жаңаруы керек. Жаңарған ұлт қана, жаңғырған елдің жетістігін жаһан жұртына таныстыра алады»,– дейді Қали Сәрсенбай.

Сонымен қатар, журналист жаңғырудың тетіктеріне тоқталды.

«Президент бұл бағыттағы міндеттерді бәрімізге көрсетіп, айтып берді. Қазіргі міндет - халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру. Тұтас ұлт саясатын арттыру. Адам және қоғамды уақыт талабына сай жетілдіру керектігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Халыымыздың біртуар тұлғаларының сөзіне зор мән беретін Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл жолы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың мына сөзін келтірді: «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек», – дейді Ахаң. Мемлекет басшысының Ахмет Байтұрсыновты айтқаны, алашты айтқаны деп білу керек. Демек, Алаш идеясын тірілтіп отыр. Әдетте, қоғамда ұлттық идея бар ма, ұлттық идеология қай деңгейде, деген сауал мазалап келеді. Аталмыш Жолдауда осы сұраққа нақты жауап берілді»,– деп түйіндеді жазушы.


Соңғы жаңалықтар