Калифорниядағы атыс: шерифтің екі орынбасары жарақат алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенбі күні Лос-Анджелес округі аумағында болған атыс кезінде шерифтің екі орынбасары оқ жарақатын алды, деп жазады ҚазАқпарат шериф кеңсесінің Twitter-дегі жазбасына сілтеме жасап.

«Шерифіміздің екі орынбасары Комптонда (Лос-Анджелес округіндегі қала, Калифорния) оқтан жарақат алып, жергілікті ауруханаға жеткізілді. Екеуінің де жағдайы ауыр, өмір үшін күресіп жатыр», – делінген хабарламада.

Кеңсенің хабарлауынша, зардап шеккендер торуылдан шабуыл жасаған кезде патрульдік көлікте отырған. Шерифтің екі орынбасарының да жағдайы ауыр, оларға операция қажет болды.

Патрульдік көлікке шабуыл жасағандар әлі анықталған жоқ.


Соңғы жаңалықтар