Камила Қамназарова «El arna» телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Камила Қамназарова «Ел арна» телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Камила Қамназарова 2004 жылы «Хабар» агенттігі» АҚ-да өзінің еңбек жолын «Caspionet» арнасының редакторы ретінде бастады. Редактор ретінде ол телевизиялық журналдар шығарумен айналысты. Арна редакторының жұмысымен қатар, К.А.Қамназарова «7 күн», «Аймақтар және күш/регионы и власть» бағдарламаларында тілші және «Тағдыр желісі/Линия судьбы» бағдарламасының сценарий авторы болып жұмыс істеді.

2010 жылы ол «Caspionet» арнасының продюсері қызметіне тағайындалды. Продюсер ретінде теледидар бағдарламаларын жасаумен айналысты, сонымен қатар «Persona Grata», «Travel Guide», «Faces of History» және тағы да басқа авторлық жобаларын жасады. Сондай-ақ, 2010 жылы ол Астанада өткен ОБСЕ (ЕҚЫҰ) саммиті кезінде «Summit TV»-да «Caspionet» арнасын қайта форматтауға белсенді қатысты.

2012 жылы арна үшін астанаға көшу және ребрендингпен байланысты маңызды кезеңде Камила Қамназарова жаңа медиа орталықта канал жұмысын бейімдеуге қатысты. 2014 жылы «Kazakh TV» телеарнасының бас редакторы болып тағайындалды. Бұл қызметте ол теледидарлық контентті аутсорсингтерге ауыстыру процестерімен айналысты. Отандық телеарналардың ішінде «Kazakh TV» телеарнасы алғашқылардың бірі болып өзінің жеке контентін осындай модельде өндіруге толығымен көшті.

2017 жылдың сәуір айында К. Қамназарова «Ел арна» арнасының бас редакторы қызметіне ауысып, жаңа арнаның ашылуына белсене ат салысты және қазіргі уақытқа дейін арнаның мазмұны мен редакциялық саясатын қалыптастыру мен жүзеге асырумен келеді.


Соңғы жаңалықтар