Қамшыбек Қоңқабаев WBO титулы үшін айқас алдында салмақ өлшеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат. - Алматыда 27 ақпанда өтетін MTK Fight Night турниріне қатысушылардың салмағын өлшеу рәсімі өтті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Кештің басты жекпе-жегінде Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев (2-0, 2 КО) бірінші ауыр салмақтағы WBO Asia Pacific чемпионы бос атағы үшін Украина өкілі Сервер Эмурлаевпен (23-1, 9 КО) жұдырықтасады. Екі қарсылас та өз санаттарының лимиті - 90,7 келіден аспады.
Естеріңізге сала кетейік, бастапқыда қазақстандықтың қарсыласы солтүстік ирландиялық боксшы Стивен Уорд (13-1, 4 КО) болуы керек еді. Бірақ ол жеке себептермен ұрыстан шығуға мәжбүр болды.
Сондай-ақ шоу аясында рингке өзге де қазақстандық және шетелдік боксшылар шығады. Турнир 27 ақпанда Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады. Тікелей эфир Sporttimekz және IFL TV YouTube арналарында, сондай-ақ ESPN арналарында көрсетіледі.
- «Канело» 39 жастағы Головкинмен айқастан қашқақтап жүр
- Ресейдегі халықаралық турнирде Бекзат Нұрдәулетов өзбек боксшысын жеңді
- Футболдан Қазақстан біріншілігі: Бүгін жетінші тур ойындары басталады
- Бүгін Қасым Қайсеновтың туған күні
-
Ресейдегі халықаралық турнирде екі боксшы жартылай финалға шықты
-
Бокстан ӘЧ: Тағы бір қазақстандық жүлде алды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам