Канадалықтар Қазақстанға келтірілген шығынды өтейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Канадалық Талапкерлер 500 000 АҚШ доллары мөлшеріндегі Қазақстан Республикасының World Wide Minerals төрелігіндегі шығынын өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Әділет министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

2013 жылғы желтоқсанда канадалық талапкерлер, «World Wide Minerals Ltd» компаниясы және королдік адвокаты Пол Кэролл (компанияның президенті), Қазақстан Республикасына қарсы инвестициялық талап-арызбен жүгінді. Талап-арыздарының алғышқы сомасы 1,9 млрд АҚШ долларын құрады. Даудың мәні 1996 жылдан бастап 1997 жылға дейін Ақмола облысында орналасқан Тың тау-кен-химия комбинатын Талапкерлердің сенімді басқару жағдайларына қатысты болды.

2017 жылғы желтоқсанда және 2018 жылғы қаңтарда өткен тыңдаулардың қорытындысы бойынша Трибунал 2019 жылғы 29 қазандағы өз шешімінде Талапкерлерге талап-арыздың негізгі сомасының 1%-дан кем соманы қаулы етті.

Сонымен бірге, 2019 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Лондон қаласындағы Англияның Жоғарғы Сотына тиісті дәлелдемелер беріп, төрелік шешімнің қорытынды дайындау және залалды бағалау кезінде Трибунал жол берген бұзышылықтар бөлігіне қатысты шағым берді.

2020 жылғы 23 қарашасында жоғары мәртебелі Судья Пелинг берілген залал және шығындар сомалары бөлігінде 2019 жылғы төрелік шешімнің күшін жойып, Қазақстан Республикасының шағым туралы өтінішін қолдады және дауды Трибуналдың одан әрі қайта қарауына жолдады.

Төрелік шешімге сәтті шағым жасауды ескере отырып, Талапкерлерге Қазақстан Республикасының шығындарын төлеу тапсырылды. Талапкерлер шағымдану процесінде келтірілген 500 000 АҚШ доллары шығындарды Қазақстан Республикасына төледі. Осы сома мемлекеттік бюджетке түсті.

Қазақстан үшін оң шешім нәтижесінде, Талапкерлер Англиядағы төрелік шешімді орындауға қатысты талабынан бас тартты. Осы себептен, Талапкерлер Қазақстан Республикасына келтірілген шығынды төлеуге міндетті. Қазіргі уақытта тараптар осы шығындарды өтеу туралы мәселені талқылауда.


Соңғы жаңалықтар