«Канело» Головкинмен үшінші рет жекпе-жекке шықпайтынын мәлімдеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орта салмақтағы WBA Super белдігінің иесі, мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинмен үшінші мәрте жекпе-жек өткізгісі келмейтінін тағы да мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Спортшы биік тұғырға шыққан кезде оған көнгісі келмейтіндер, сіздің ісіңізді қолдамайтындар табылады. Бірақ бұл асығы алшысынан түскен адамның айналасында бола беретін қалыпты жағдай.

Бірақ мен өзім туралы айтылатын ұнамсыз жайттарға мән бермеймін. Мен оны мотивация ретінде қабылдаймын, өйткені кейде адамдар боксты түсінбесе де ойындағысын айта береді», - деді Альварес.

«Головкиннің бапкерінің (Абель Санчес) маған арнап айтқан сөздерінен кейін Головкинді жеңгеніме қуанамын. Өйткені бұл оның да, өзгелердің де аузына құм құйды. Головкин мен жайлы әлі де айта береді, бірақ біз енді қарсылас емеспіз. Мен үшін ол мүлде қызықсыз», - деп мәлім еткен мексикалық боксшы Boxingscene.com порталына берген сұхбатында.

Соңғы жаңалықтар