Қанша қазақстандық зейнетақы жинағын басқарушы компанияға берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгінгі таңда 99 қазақстандық зейнетақы жинағындағы қаражатының бір бөлігін басқарушы компанияға аудару туралы өтінім берді. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бағалы қағаздар нарығын дамыту басқармасының бастығы Александр Камчатный айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда агенттік тарапынан рұқсат берілген 6 компанияның үшеуі зейнетақы жинақтарын басқару бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен шарт жасасты. Олар - Jysan Invest, Halyk Global Markets, BCC INVEST. БЖЗҚ ақпаратына сәйкес, 2021 жылдың 24 ақпанында БЖЗҚ-ға зейнетақы жинақтарын зейнетақы портфелін басқарушыға аударуға 99 өтініш келіп түсті. Аударылатын қаражаттың жалпы сомасы 257 млн теңгеден асады», - деді Александр Камчатный Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Оның атап өтуінше, салымшы зейнетақы активтерін басқаруға жіберетін инвестициялық портфельді басқарушылар тізбесімен, олардың инвестициялық декларацияларымен, инвестициялық портфельдерінің құрылымымен БЖЗҚ сайтынынан таныса алады.

«Содан кейін оның инвестициялық басымдықтарына барынша сәйкес келетін бір немесе бірнеше басқарушы компанияны таңдай алады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар