Қаңтар-наурызда елімізде 204 мың жеңіл автомобиль тіркелді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы жылдың қаңтар-наурызында елімізде 204 мың жеңіл көлік тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәліметке сәйкес, осы жылдың үш айында Қазақстанда 204 238 жеңіл автомобиль есепке қойылды. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 9 пайызға аз. 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы саны 3 833,3 мың бірлікті құрады.

«2022 жылғы бірінші тоқсанда 2 600 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3 968 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апат саны 0,8 пайызға азайды. 1 сәуірдегі жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 10,7 млрд теңге сомасында 21 370 сақтандыру төлемін жүзеге асырған», - деп атап өтеді бюродан.


Соңғы жаңалықтар