Қапшағай гарнизоны әскери бөлімінің командирі мен орынбасарына қатысты тергеу басталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қапшағай гарнизоны әскери бөлімінің командирі мен оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесе отырып Қапшағай гарнизоны әскери бөлімінің командирі мен оның орынбасарына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Лауазымды тұлғалар аталған әскери бөлімде тамақтану қызметін көрсету бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде қамқорлық жасау үшін пара алды деген күдікке ілінді. Келу туралы міндеттеме алуына байланысты процестік ұстау шарасы қолданылған жоқ», - делінген

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің таратқан хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешімі қабылданатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Талдықорғанның №18404 әскери бөлімінің бірнеше лауазымды тұлғаларының пара алды деген күдікке ілінгенін хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар