Қапшағайда көпбалалы 15 отбасы баспаналы болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қапшағай қаласының 49 жылдық мерейтойына орай көпбалалы 15 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның ішінде Шеңгелді ауылдық округінде - 3 үй, Заречный ауылдық округінде - 1 пәтер және 1 үй, Қапшағай қаласында 10 пәтердің кілттері табысталды.

«Ұсынылған баспаналар бюджет есебінен, сондай-ақ меценаттар тарапынан сатып алынды. Көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету жұмыстары бұдан әрі жалғасатын болады. Аталған шаралар қала тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға бағытталып отыр», - деді Қапшағай қаласы әкімінің баспасөз қызметінің өкілі Ардақ Қасымхан.

Айта кету керек, Алматы облысында көпбалалы және аз қамтылған 100-ге жуық отбасы демеушілердің қолдауымен баспаналы болды.

Соңғы жаңалықтар