USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қар мен көктайғақ: Алматыда күн райы бұзылады

2021 жылғы 25 қараша 17:00
Бөлісіңіз:
Қар мен көктайғақ: Алматыда күн райы бұзылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Күн райын болжаушылар таратқан ақпаратқа сәйкес, Алматыда ауа температурасы күрт төмендейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елімізде орман қоры мен ағаш отырғызуды қадағалауға арналған мобильді қосымша әзірленді Биыл елімізде 12 млрд теңгеге 130 млн ағаш отырғызылды – министрлік Қазақстан Париждегі ядролық «бестік» бойынша коммюнике қатысты мәлімдеме жасады

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, алдағы күндері Алматыда қар жауып, көктайғақ болады. Ауа температурасы төмендейді.

26 қараша күні қалада көшпелі бұлт шығады, күндіз қар аралас жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан жел соғып, таңертең және күндіз оның күші 12 м/с жетуі ықтимал. Ауа температурасы төмендейді.

27 қарашада күн бұлтты. Түнде қалың қар жауады. Жолдарға мұз қатып, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде - 8 – 10 градусты көрсетеді.

28 қарашада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 8-10 аяз, күндіз 3 градус жылы болады.

Бұған дейін Қазгидромет 2021 жылғы қарашаға арналған консультативтік ауа райы болжамын жариялаған еді.

Екінші онкүндіктің бірінші жартысында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын солтүстік-батыс циклон анықтайтын болады, соған байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі: екпінді жел, бұрқасын, жауын-шашын (көбінесе қар түрінде) болады. Содан кейін суық ауа массаларының Ресей аумағынан енуімен екінші онкүндіктің соңында, үшінші онкүндіктің басында және соңында температуралық фонның төмендеуі болжанады.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT