USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Қар, тұман, бұрқасын: 4 қараша ел аумағында ауа райы қандай болады

2021 жылғы 4 қараша 01:01
Бөлісіңіз:
Қар, тұман, бұрқасын: 4 қараша ел аумағында ауа райы қандай болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 4 қараша ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның үш облысында күн райына байланысты ескерту жарияланды 27 қаңтарда ел аумағында күн райы құбылмалы болады Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның басым бөлігі ауқымды антициклон ықпалында болады, сондықтан жауын-шашын жаумайды.

Тек елдің оңтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады.

Қар жауады, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында және тау бөктерінде қалың қар жауады.

Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста тұман түседі.

Республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.

Елдің оңтүстік-шығысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын көтеріледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында және таулы аудандарында жел екпіні 23-28 м/с жетеді.

Күндіз таулы асуларда жел жылдамдығы 30 м/с асуы мүмкін

Жамбыл облысының солтүстік шығысында, оңтүстік батысында және таулы аудандарында тұман түседі, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Жел қарқыны - 15-20, 23-28 м/с шамасында.

Алматы облысының шығысында, оңтүстігінде тұман және көктайғақ болады. Желдің екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда облысының басым бөлігінде жел қарқыны - 15-20 м/с. Күндіз 23 м/с дейін жетеді, облыс орталығында шаңды дауыл соғады.

Маңғыстау облысында желдің күші - 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады.

Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман түседі, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында жаяу бұрқасын көтеріліп, тұман түседі. Жел қарқыны - 15-20 м/с.

Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT