Қарағанды аттракциондарының бірінде оқыс оқиға орын алды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – «Америкалық таулар» аттракционының жолаушылары бар шағын вагоны бірнеше метр биіктікте орналасқан рельсте тұрып қалды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Қарағандының орталық саябағында болды. Шағын вагондардың бірі бірнеше метр биіктікте орналасқан рельстерде тұрып қалған. Аттракцион қызметкерлері жолаушыларға тез арада жерге түсуге көмектесті. Оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.

«Оқиға шынымен орын алғанын жасырмаймыз. Қауіпсіздікті тексеру мақсатында техникалық жарамдылық сараптамасынан өткендігі туралы сертификат алған барлық аттракциондар аталған оқиғалардың қайталануын болдырмау үшін уақытша тоқтатылады», - деп хабарлады Қарағанды қаласының мәдениет және демалыс саябақтары басқармасынан.

Сондай-ақ, ресми органдар Қарағанды саябақтарындағы аттракциондардың қаншалықты дұрыс жұмыс істейтіндерін тексеруді жоспарлап отыр.


Соңғы жаңалықтар