Қарағанды аттракционындағы әйелдің өлімі: Күдікті 2 айға қамауға алынды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда әйел өлімі болған аттракционның нұсқаушысы қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарағанды қаласының мамандандырылған тергеу соты аттракционның нұсқаушысын екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді», - деп делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қазан күні тоғыз қабатты мейрамхананың шатырына орнатылған аттракционда 25 метр биіктіктен секірген әйел көз жұмды.

Бір күннен кейін полиция аттракционның нұсқаушысын ұстаған болатын. күдіктіге қатысты тексеру жүргізілді.


Соңғы жаңалықтар