Қарағанды - Балқаш трассасын қайта жаңартуға үш мыңнан астам жұмысшы тартылады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында республикалық маңызы бар 363 шақырымдық Қарағанды - Балқаш автомобиль жолын қайта жаңарту жалғасуда. Жоба үш мыңнан астам адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрылыс жұмыстарын «КазГерСтрой БК» және CITIC Construction Co.Ltd компаниялары жүргізеді. Қазір трассаның барлық учаскелерінде қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мамандар жер төсемін дайындауды және асфальтбетонды жабынның төменгі және жоғарғы қабаттарының құрылысын жүзеге асыруда.

«Жобаға сәйкес, аталмыш жол төрт жолақты жол қозғалысы бар I-б техникалық санатына сәйкес келеді. Жолдың кеңеюі учаскелердегі апаттылықты айтарлықтай төмендетеді, сондай-ақ автокөліктің өткізу қабілетін бірнеше есе арттырады. Бұдан басқа, қайта жаңарту 28 көпір мен жол өткелін, 377 су өткізу құбырын, сондай-ақ елді мекендерге жақын демалыс алаңдары мен автопавильондарды салуды көздейді», - деп мәлмдеді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі күні мұнда 1 366 техника жұмылдырылған.

Айта кету керек, қайта құру басталғаннан бері жобада 3 282 жұмыс орны ашылды.

Жаңа жабынды жол бойынша көлік қозғалысын биылғы жылдың соңына дейін ашу жоспарлануда.


Соңғы жаңалықтар