Қарағанды фармацевтика кешені елордаға 100 мыңнан астам вакцина жөнелтті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды фармацевтикалық кешені елордаға ревакцинация жүргізу үшін «Спутник V» препаратының жүз мыңнан астам дозасын жөнелтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат фармацевтика кешенінің Telegram парақшасына сілтеме жасап.

«Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы иммундау жұмыстары жоспарланған қарқынмен жүруде, вакцина жетіспеушілігі жоқ. Бүгін Қарағанды фармацевтикалық кешені елордаға ревакцинация жүргізу үшін «Спутник V« препаратының жүз мыңнан астам дозасын жөнелтті. Нұр-Сұлтан қаласына отандық өндірістегі ресейлік вакцинаның II компонентінің 103 085 дозасы жеткізіледі», делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда 326 699 астаналық тұрғын коронавирус инфекциясына қарсы екпенің бірінші компонентін алған. 219 488 адам вакцинацияның толық курсынан өтті.

Айта кетерлігі, Қазақстанда жаппай вакциналау науқаны басталғаннан бері 5 145 055 адам вирусқа қарсы препараттың I компонентін алды. II компонентпен 3 264 705 азамат егілді.


Соңғы жаңалықтар