Қарағанды облысы егін жинауды 10 қазанға дейін аяқтамақ

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының шаруалары егін жинауды 10қазанға дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Бүгінгі күні дәнді дақылдардың 90% жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл Қарағанды облысында ауыл шаруашылық дақылдарының егіс алқабы 40 мың гектарға ұлғайтылды. Аймақ аграршылары жақсы егін жинайтындарын атап өтті.

«Ауа райы қолайлы болған жағдайда астық жинауды 25 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарлануда. Бүгінгі таңда 157 мың тоннадан астам картоп пен 19 мың тонна көкөніс жиналды. Картопты жинауды 1 қазанға дейін, көкөністерді – 10 қазанға дейін аяқтаймыз», – деп хабарлады Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Санаубаров Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен онлайн-брифингте.

Сондай-ақ, облыста 2 мың тоннадан астам шөп, 24 мың тонна пішендеме, 17 мың тонна сүрлем және 120 мың тонна сабан дайындалды.


Соңғы жаңалықтар