Қарағанды облысы Осакаров ауданының 845 тұрғыны вакцина алды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Осакаров ауданында 845 тұрғын «Спутник V» вакцинасын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

16 сәуірдегі мәлімет бойынша ауданның егу пункттерінде 845 тұрғын вакцинация салдырған.

Егу пункттері емханаларда, фельдшерлік-акушерлік пункттерде және ауылдық дәрігерлік амбулаторияларда жұмыс істейді. Вакцина алғысы келетіндердің арасында жастар да қарттар да бар.

«Алғашқы екпелердің бірі медицина қызметкерлеріне жасалды. COVID-19-ға қарсы вакцинациядан өткен адамдарда жағымсыз реакциялар байқалмайды, олардың жағдайы жақсы», - деп атап өтті аудандық аурухананың бас дәрігері Ольга Травнева.

Вакцина алғандардың арасында зейнеткер Виктор Гребенюк те бар. Ол 68 жаста.

«Мен бұрыннан екпе аламын деп шешім қабылдап қойғанмын. Жаппай вакцинацияның басталуын күттім. Науқан басталған бетте, бірінші күнге жазылдым. Егу алдында сәл толғандым. Мен ешқандай реакция байқамадым, өзімді жақсы сезінемін. Коронавирусқа қарсы екпе алуға саналы түрде келдім. Менің ойымша, барлық жұрт вакцинациялануы керек, өйткені инфекция өте ауыр. Осылайша біз ұжымдық иммунитетті қалыптастырамыз, соның арқасында біз жаңа індет жұқтырудың көбеюінен аулақ боламыз», - дейді Виктор Гребенюк.

«Мен Осакаровка кентінің спорт мектебінде жұмыс істеймін. Дәрігердің кеңесі бойынша екпе жасау керек деп шештім. Мен коронавируспен ауырмадым. Менің анам 70 жаста, туыстарым бар. Жыл оңай болған жоқ, үнемі үрейлі күйде жүресің, түшкіріп қалсаң уайымдай бастайсың. Егде жастағы туыстарым үшін алаңдаймын, сондықтан екпе жасауға ниет білдіріп, ертеңгі күнге деген сенімділікке ие болғым келді. Мен барлық аудан тұрғындарын сақтық шараларын сақтауға және вакцинациядан қорықпауға шақырамын!», - дейді 48 жастағы Елена Лебединцева.


Соңғы жаңалықтар