Қарағанды облысында 1 мың отбасы тегін азық-түлік жиынтығын алады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Салмағы 50 келі болатын азық-түлік себеттері Қарағанды облысының он жеті қаласы мен кентінің тұрғындарына жеткізіледі. Аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар баласы бар отбасылар қайырымдылық көмек алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ayala қайырымдылық қоры «Халық» ҚҚ ұйымдастырған «Ел тірегі – Елбасы» акциясы аясында қолдау көрсетеді.

Қордың мәліметінше, Қарағанды облысында мыңдаған отбасы азық-түлік жиынтығымен қамтамасыз етіледі.

Тізімдерді өңірлік әкімдіктер ұсынады.

«Біздің Қор пандемия басталған сәттен бастап мүгедек балалары бар отбасыларға атаулы көмек көрсетеді. Біз оларға киім, ойыншықтар мен кітаптар, тәтті сыйлықтар, азық-түлік және планшеттерді онлайн режимінде оқытуға көмектестік. Қарағандыда өткен жылдың желтоқсан айында «қамқорлық күші» акциясын өткіздік», - деп атап өтті Ayala қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова.

Наурызды тойлау алдында Қарағанды, Теміртау, Саран және Қарқаралы ауданында тұратын 225 отбасы азық-түлік себеттерін алды.

«Ел тірегі – Елбасы» акциясы аясында Қарағанды облысында азық-түлік жиынтығын жеткізу 30 наурызға дейін жалғасады» деп хабарлады қор өкілдері.


Соңғы жаңалықтар