Қарағанды облысында әлеуметтік желілерде «Әкім сағаты» енгізіледі

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының әкімдері әлеуметтік желілерде жұмыс істеуді жалғастыруда. Енді әкімдіктер Facebook пен Instagram-да өз аккаунттарын жүргізуден басқа, «Әкім сағаты» тікелей эфирін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек халықпен кері байланыс орнату бойынша жұмыстың тиімділігін арттыруды тапсырды.

«Пандемия әкімдіктердің жұмысына өз түзетулерін енгізді, себебі жеке қабылдаулар өткізілмейді, халықпен жиындар мен кездесулер ұйымдастыруға болмайды. Алайда, азаматтардың мәселелері, проблемалары, өтініштері бар және біз олар үшін қарапайым әрі тиімді механизм ұсынуымыз керек. Облыс тұрғындарының біздің облыста барлық деңгейдегі әкімдермен тікелей өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігі болуы тиіс. «Әкім сағаты« ауыл және қала тұрғындарының нақты мәселелерін шешу үшін тиімді алаңға айналады деп үміттенемін», - деді аппарат кеңесінде аймақ басшысы.

Мұндай эфирлер аптасына екі рет өткізіледі: сейсенбі күні сағат 09.00-ден 10.00-ге дейін және жұма күні сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін. Нұра ауданының әкімі сейсенбі және жұма күндері сағат 11.00-ден 12.00-ге дейін халықпен интернет-кездесулер өткізеді. Ұлытау ауданы да сол күндері 12:00-ден 13:00-ге дейін онлайн-кездесу ұйымдастырады.

Онлайн режимінде қала және аудан әкімдері сұрақтарға жауап беріп, азаматтардың өтініштерін қабылдайтын болады.

Әкімдермен тікелей эфирлер өткізілетін аккаунттар:

Қарағанды қ.

@akimat_qaragandy

Балқаш қ.

@Balqash_qalasy_akimdigi

Жезқазған қ.

@akimatzhez

Қаражал қ.

@karazhal_akimat

Приозерск қ.

https://www.facebook.com/akimat.priozersk

https://vk.com/id529978848

https://instagram.com/akimat_priozersk?igshid=1qmrql9fu54r4

Сәтбаев қ.

@akimat.satpaev

Саран қ.

@temirkhanovyerzhan

Теміртау қ.

@ashimov_galym

Шахтинск қ.

@presssluzhbagshakhtinska

Абай ауданы

@assanov.bk

Ақтоғай ауданы

@aktogaiaudanyakimdigi

Бұқар-Жырау ауданы

@shagurashid

Жаңаарқа ауданы

@jurzhanbekkozhin

Қарқаралы ауданы

@eldardyussetayev

Нұра ауданы

@nura_akimat

Осакаров ауданы

https://www.facebook.com/akimatosago

Ұлытау ауданы

@ulytau.akimat

Шет ауданы

@shetaudany


Соңғы жаңалықтар