Қарағанды облысында білім беру платформаларына қатысты қиындықтардың себебі айтылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Білім басқармасының жедел желісіне оқу жылының басынан бастап 127 қоңырау келіп түсті. Барлық өтініш білдірушілерге қажетті көмек көрсетіліп, олардың сұрақтарына жауап берілді. Бұл туралы білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова коронавирус індеті кезіндегі мәдениет және білім беру мекемелерінің жұмысына арналған тікелей эфирде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысының білім басқармасында қашықтан оқыту форматына көшуге байланысты үздіксіз жедел желі құрылды.

«Желі жұмыс істей бастаған уақыттан бері 127 қоңырау келіп түсті. Олардың барлығы бойынша түсініктемелер берілді. Шешілмейтін мәселелер жоқ деп айтқым келеді. Құрметті оқушылардың ата-аналары, егер сіздер қашықтан білім беруде қиындықтарға тап болсаңыздар, бізге хабарласуларыңызды сұраймын, біз сіздерге міндетті түрде көмектесеміз

және сізбен бірге жағдайды шешуге тырысамыз», - дейді Гүлсім Қожахметова.

Қашықтықтан білім беру, кезекші сыныптар, оқушыларды компьютерлік техникамен қамтамасыз ету және т.б. бойынша қоңыраулар қабылданатын телефон нөмірлері: (8-7212) 25-25-02, 8-747-491-12-91.

Сондай-ақ, ол DarynOnline және Sdot.Bilimal білім беру платформаларымен туындаған проблемалар қазіргі таңда шешіліп жатқаны туралы айтты. Ол ақаулар 1 қыркүйекте шамадан тыс жүктеме салдарынан пайда болған.

«Қазір жүйелердің жұмысы қалпына келтірілуде, алдымен оларға аудандарды, содан кейін қалаларды қосамыз. Бұл шамадан тыс жүктеменің екінші рет қайталанбауының алдын алу үшін қажет. Келесі аптада платформалардың дұрыс жұмысын қалпына келтіруге болады деп

ойлаймын», - деді Білім басқармасының басшысы.

Гүлсім Қожахметованың айтуынша, мектеп оқушыларының партаға қайта отыратын нақты күні әлі белгісіз. Бұл эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.

Қазіргі таңда сондай-ақ мәдениет мекемелері біртіндеп әдеттегі жұмыс режиміне оралуда.

Мұражайлар мен кітапханалар ашылды. Онда келушілер с аны шектеулі болуы мүмкін, сонымен қатар әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтау қажет.

Театрлар мен кинотеатрлар әлі де жабық.


Соңғы жаңалықтар