Қарағанды облысында биыл 1800 шақырым жол жөнделеді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Жолдарды жөндеуге Қарағанды облысында 1 мамырдан бастап кіріседі,деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір бойынша Қарағанды қаласында 25 шақырым және басқа қалалар мен аудандарда 363 шақырым жолға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, республикалық маңызы бар 882 шақырым және облыстық маңызы бар 563 шақырым жол ретке келтіріледі.

Бұған қоса Осакаров, Абай, Жаңаарқа және Нұра аудандарында жергілікті маңызы бар жолдар мен көпірлерді қайта жаңарту бойынша 10 жоба іске асырылатын болады.

Сонымен қатар жол маусымының соңына дейін Қарағанды - Саран-Шахтинск бағытындағы учаскеде күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау қажет.

Бұқар жырау ауданындағы Новодолинка - Шахан - Молодецкое автожолының 17 шақырымы және Қызылорда-Павлодар трассасының учаскесінде 36 шақырым жолды қайта жаңарту бойынша жұмыстар жалғастырылады.

«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында Ақтоғай, Шет, Қарқаралы, Осакаров және Ұлытау аудандарында 37 көше жөнделеді.

Жол жұмыстарына барлығы 5 мыңға жуық адам мен 1500 жол техникасы жұмылдырылады. Жол жұмыстарының сапасын «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бақылайды.


Соңғы жаңалықтар