Jańalyqtar
Қарағанды облысында бизнесті дамытуға 4,1 млрд теңге бөлінді
2021 жылғы 11 қаңтар 09:28
Бөлісіңіз:

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – 2021 жылы Қарағанды облысында «Бизнестің жол картасы - 2025» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 4,1 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өңір әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, бұл субсидиялар, кепілдіктер мен гранттар түрінде 400 кәсіпкерді қолдауға мүмкіндік береді.
«Сондай-ақ, биыл «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 1 500 адамды оқыту жоспарлануда. «Еңбек» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары бойынша 420 жоба қаржылай қолдау табады.
Бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асырудың арқасында 2021 жылы 2 500 жұмыс орны құрылады», - делінген мәліметте.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
- Жамбылда биыл 48 инвестициялық жоба жүзеге асады
- Илон Маск АҚШ-тағы қор сауда-саттығының қорытындысы бойынша $6,2 млрд жоғалтты
- 2021 жылы Қазақстанда электр энергиясын өндіру артады
-
2020 жылы электр энергиясы секторына 82 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды
-
Көкшетауда латын әліпбиіне көшу мәселесі талқыланды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER