Қарағанды облысында боранды күні шығып кеткен ер адамның денесі табылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Шет ауданы Ақжал ауылының маңында боран кезінде ер адам көз жұмды. Ол кеше түстен кейін боранға қарамастан қыстақтан шығып кеткен. Бүгін ТЖД қызметкерлері даладан оның мәйітін тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

26 ақпанда Шет ауданы Ақжал кентінің маңында ер адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. 1961 жылы туған ер адам 25 ақпанда күндіз қыстаудан белгісіз бағытта шығып, оралмаған.

«Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелерінің, полиция мен жергілікті атқарушы органдардың күштерінен тұратын іздестіру тобы іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. 26 ақпанда сағат 17:15-те іздеу тобы қыстақтан 5 шақырым жерде жоғалып кеткен адамның денесін тапты», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Облыстың құтқарушылары ауа райы нашарлаған кезде елді мекендерден тыс жерлерге жаяу және жол жүруден аулақ болуды, ауа райының өзгеруіне сәйкес киінуді ескертеді.

Барлық оқиғалар мен ТЖ фактілері туралы 112 немесе 8(7212)43-36-36, 43-37-37 телефондары бойынша хабарласуға болады.


Соңғы жаңалықтар