Қарағанды облысында қанша адам медициналық сақтандыруға жарна төлеуден босатылғаны мәлім болды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында қанша және қандай санаттағы азаматтар МӘМС жарнасын төлемейтіні туралы мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарт тілшісі.
Қарағанды облысының 980 мыңнан астам тұрғыны медициналық сақтандыру қорына жарна төлемейді. Олар 15 жеңілдік санатына кіреді (балалар, зейнеткерлер, ресми жұмыссыздар, күндізгі бөлім студенттері, мүгедектер, атаулы әлеуметтік көмек алушылар және т.б.) және олар үшін жарнаны ай сайын мемлекет төлейді. Жарнадар бюджеттен Қорға түседі, ал Қор өз кезегінде медициналық ұйымдарды осы қаражатпен қаржыландырады. Бұл азаматтар автоматты түрде «сақтандырылған» мәртебесін алады, сонымен қатар кез-келген адам қол жеткізе алатын тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінен басқа медициналық көмектің қосымша пакетіне (МӘМС пакетіне) қол жетімді болады.
«Мемлекет төлейтіндердің «жұмыссыздар» деген санаты қатарында болу үшін жұмыспен қамту орталығында ресми түрде тіркелу қажет. Тек осы жағдайда ол «сақтандырылған» мәртебесін алады. Егер жұмыссыз азамат ресми түрде тіркелмеген болса, онда ол 2020 жылдың қаңтарынан бастап медициналық сақтандыру Қорына жарналарды өз бетінше төлеуге мәжбүр болады», - деп түсіндірді Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының бас сарапшысы Жанар Ракишева.
Жалпы Қазақстан бойынша шамамен 11 миллион адам жеңілдік санаттарына кіреді. Бұл еліміздің барлық халқының 60% құрайды.
- Елордада оқушыларға арналған МӘМС бөлімі құрылады
- Шымкентте алдағы жылы 1045 дәрігер білімін жетілдіреді
- Шетелдік қазақстандыққа қалай донор бола алады
- Тұманда адасып қалған екі балықшы Самарқан су қоймасынан табылды
-
Үйіңе келу қашан да бақыт- Геннадий Головкин
-
Алматы кардиологтары жүректі тоқтатпай күрделі ота жасады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам