Қарағанды облысында қар құрсауында қалған 79 адам құтқарылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында жолда қалған 79 адам, оның ішінде 7 бала құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құтқару жұмыстарының бірі Теміртау қаласында «Алматы-Екатеринбург» автожолында жүргізілді. 52859 әскери бөлімінің күшімен қар құрсауында қалған автокөліктерден 17 адам құтқарылды. Адамдар Теміртау және Қарағанды қалаларына жеткізілді.

Теміртауда «Алматы-Екатеринбург» автожолы учаскесінің 1060 шақырымында ТЖД күшімен техникалық ақауы бар автокөліктен ер адам құтқарылып, қалаға жеткізілді.

Тағы бір құтқару жұмысы Шет ауданында жүргізілді. Қызылқой ауылы маңында «Алматы-Екатеринбург» автожолында қар құрсауында тоқтап қалған жедел медициналық жәрдем автомобилі мен жеңіл автокөліктен 9 адам құтқарылды.


Теміртау қаласында құтқарушылар техникалық ақауы бар жеңіл авткөлікте қалған 2 адамды қалаға жеткізді.

Сонымен қатар, Бұхар Жырау ауданында «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» автожолының 52-ші шақырымында, Ботақара кентінен 5 шақырым жерде ТЖД күшімен қар құрсауында қалған автокөліктерден 37 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды. Құтқарылғандар Қарағанды қаласына жетуіне көмектесті.


Осакаров ауданында, «Қызылорда-Павлодар» а/ж 1124 км, Молодежный кентінен 55 км жерде техникалық ақауы бар жүк автокөлігінен 4 адам құтқарылды, олар Молодежный кентіне жеткізілді.

Бұқар Жырау ауданының Тоғызқұдық ауылынан 9 шақырым және Доскей ауылынан 10 шақырым жерде ТЖД күшімен 9 адам құтқарылды. Олардың ешқайсысы медициналық көмекке қажет болмады.


Соңғы жаңалықтар