Қарағанды облысында мектеп оқушыларды скринингтен өтеді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында мектеп медпунктерінде оқушылар жоспарлы скринингтен өтеді. Оларды стоматолог, офтальмолог, хирург, отоларинголог, эндокринолог, невропатолог және басқа да сала дәрігерлері қарайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл медициналық сақтандыру қоры өңірдегі мектеп медицинасына 1,3 млрд теңге бөлді.

Мектеп медпунктеріне қызмет көрсетумен облыстың емханалары айналысады. Олар аталған медициналық кабинеттерді орта медицина қызметкерлерімен, вакцинациялау үшін қажетті жабдықпен, ұйымдастыру техникасымен және аурулардың алдын алу бойынша материалдармен, сондай-ақ балаларды қарауға және алғашқы шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған құралдармен қамтамасыз етеді.

«Біздің №1 көпбейінді аурухананың емханасына алты мектеп бекітілген. Медицина қызметкерлері балалар мен педагогтардың профилактикалық және скрининг медициналық тексеруін, COVID-19-ға қарсы профилактика ұйымдастыруға, маусым ауруының алдын алуға жауап береді», – деді Қарағанды қаласының №1 көпсалалы ауруханасының алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің меңгерушісі Любовь Ковалева.

Сонымен қатар, мектеп медбикелері оқу орындарындағы асханада санитарлық-эпидемиологиялық талаптың сақталуын және аспаз бен асхана қызметкерлерінің жағдайын бақылап отыруы тиіс.

Соңғы жаңалықтар