+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Қарағанды облысында «Nur Otan» жанында Қоғамдық кеңестер жұмыс істейтін болады

2021 жылғы 5 мамыр 06:42
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында «Nur Otan» жанында Қоғамдық кеңестер жұмыс істейтін болады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен мемлекеттік қаражаттың жұмсалуына бақылауды күшейту, сондай-ақ маңызды әлеуметтік мәселелерді жоспарлы түрде шешу – мұндай міндеттер Nur Otan партиясы Қарағанды облыстық филиалының кезекті отырысында қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Эпидемиологиялық шектеулерге байланысты отырыс онлайн форматта өтті. «Соңғы жылдар біз үшін жұмыс қабілеттілігіміз бен кәсібилігімізді тексеруге бағытталды. Пандемияға қарамастан, біз ауқымды саяси оқиғалардың қатысушысы болдық. Бүкіл ел бойынша өткізілген жалпыпартиялық праймериздер жұртшылықтың үлкен қызығушылығын тудырды. Бүгінде адамдар еліміздің қоғамдық және саяси өміріне белсенді араласқысы келеді», – деп атап өтті

Nur Otan партиясы облыстық филиалының төрағасы, өңір әкімі Жеңіс Қасымбек.

Nur Otan партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова партия өткен жылдары қандай жұмыс атқарғанын және жақын болашаққа белгіленген жоспарлар туралы айтып берді.

Оның мәліметінше, праймериз ең бастысы – бәсекеге қабілетті және ашық негізде бүкілхалықтық сенімге лайық депутаттар корпусын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Енді халық қалаулылары тұрғындарды тоқсан сайын қабылдауда.

Облыста партияның 23 қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді. Соңғы екі жылда азаматтардан қандай да бір мәселелерді шешуге 18 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Өтініштер негізінен әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық мәселелерге қатысты.

Облыстық деңгейде 10 Қоғамдық кеңес жұмыс істейтін болады. Олардың әрқайсысы партияның сайлауалды бағдарламасының нақты бағытымен айналысады. Аумақтық деңгейлерде осындай 108 кеңес болады.

Сондай-ақ, Қадиша Оспанова партияластарына жастармен жұмысты күшейту туралы тапсырма берді.

«Жасотандықтар «Жастар Отанға» Жол картасын жүзеге асыру аясында облыс жастарын біріктіретін және жұмыс әдістері мен нысандарын үнемі жетілдіріп отыратын орталыққа айналуы тиіс», – деп атап өтті ол.

Филиал ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында көптеген іс-шара жоспарлап отыр. Бұл – барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының халықпен жедел кездесулері, «30 игі іс» қайырымдылық марафоны, сондай-ақ конкурстар, акциялар, ардагерлермен кездесулер және тағы басқа шаралар.

Конференция барысында Саяси кеңес, саяси кеңес бюросы және партияның Қарағанды облыстық филиалының бақылау-тексеру комиссиясы мүшелерінің сайлауы өтті.

«Бүгін біз өңірлік партия ұйымының негізгі бағыттарын, болашақ мақсаттарымыз бен міндеттерімізді айқындадық. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін халықпен тығыз байланыста жұмыс істеу, олардың қажеттіліктерін ескеру, өзекті мәселелерді шешу және мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылау қажет», – деп түйіндеді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT