Қарағанды облысында волонтерлер нәзік жандарға 101 раушан гүлін сыйлады
Бірнеше айдан бері оқушы еріктілер тобында болып, еріктілер бірлестігінің барлық іс-шараларына қатысады.
«Мен Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің 10-сыныбында оқимын. Волонтерлікпен ата-анамның әрекеттеріне қарап, оларды үлгі тұтып айналыса бастадым. Олар әрқашан біреуге көмектесуге тырысады. Әкем мен анама қарап, мен басқаларға да пайда әкеліп, көмектескім келді. Осылайша мен Nura Arnasy тобына кірдім. Бірнеше ай ішінде біз шынымен де көп жұмыс атқардық: қарттардың аулаларын қардан тазарттық, азық-түлік жиынтықтарын тараттық, мұқтаж адамдарға көмектестік. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аудан орталығында тұратын әйелдер қауымын құттықтап, бір қуантқымыз келді», - дейді Абай.
Раушан гүлдерін еріктілерге демеуші – жергілікті тұрғын Рауза Жұмабекова ұсынды.
«Біз сұлу ханымдарға мерекелік көңіл-күй мен қуаныш сыйлағымыз келді. Ол мақсатымызға жеттік деп ойлаймын. Сондай-ақ, біз әжелер тұратын 10 үйге бардық. Оларға торттар мен гүлдер ұсынылды, қариялармен әңгімелестік. Олар біздің келгенімізге өте қатты қуанды. Назар аударғанымыз үшін шын жүректен алғыс айтты. Бұл - біз үшін ең үздік марапат», – деп атап өтті Nura Arnasy еріктілер тобының жетекшісі Талғат Шолтаев.