Қарағанды облысында жас кәсіпкерлер саны артып келеді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Шет ауданында жастар кәсіпкерлігі дамып келеді. Өткен жылдың өзінде төрт адам өздерінің бизнес-идеяларын қорғап, аудан әкімінің гранттарын алып, өз ісін ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солардың бірі – Мәдина Ахметбекова. Бойжеткен Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің түлегі. Білімі бойынша ағылшын тілі мұғалімі. Оқу кезінде екі жыл Қытайда «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша білім алған.

Өткен жылы Мәдина өз ісін ашу жөнінде шешім қабылдаған. Бизнес-идеясын қорғап, оның жобасын жергілікті билік қолдады. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер Шет ауданы әкімінің 900 мың теңге көлеміндегі грантына ие болды. Осы қаражатқа Lacadem оқу орталығын ашты. Қажетті оқулықтар, арнайы тақта мен ноутбук сатып алды. Енді аудан жастарында Қытай және ағылшын тілдерін үйренуге мүмкіндік бар.

«Менің мақсатым Шет ауданында репетиторлық орталық ашу болды. Бұл ойым жүзеге асты. Жұмыс жүріп жатыр, менде 15 студент бар. Орталығымды кеңейту жоспарда бар», – дейді Мәдина.

Ержан Балқашбаев та Шет ауданының тұрғыны, Қарағанды облысының әкімінен миллион теңгеге грант ұтып алды. Ол ақшаға ісін жаңа бастаған кәсіпкер автосервис ашты. Көлік көтергіш құрылғы сатып алды. Өткен жылы Ержан Шет ауданының әкімінен 400 мың теңге көлемінде шәкіртақы алды.

«Бұл қаражат маған жаңа мүмкіндіктер берді. Мен жабдық сатып алу мүмкіндігіне ие болдым. Менің екі қызметкерім бар. Олардың жалақысы тұрақты. Қазір клиенттер көп, жұмыс жүріп жатыр», – дейді Ержан.

Шет ауданы әкімдігінің мәліметінше, биыл аудан әкімінің грантына 5 миллион теңге бөлінді. Бірақ бұл соманы ұлғайту және ірі жобаларды қолдау үшін мүмкіндіктер табу жоспарда бар.


Соңғы жаңалықтар