Қарағанды облысындағы бұрқасын: Қар құрсауында қалған көліктерден 9 адам құтқарылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – 12 қаңтар күні Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты барлық бағытта көлік қозғалысы шектелді. Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері қар құрсауында қалған автокөліктерден 9 адамды құтқарып, эвакуациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құтқару операциялары Абай, Бұқар Жырау және Осакаров аудандарының автожолдарында жүргізілді.

Сонымен қатар, көліктердің жүру қиындығына және ауруханаға жатқызу қажеттілігіне байланысты Бұқар Жырау ауданы Баймырза ауылы құтқарушыларының күшімен 2020 жылы туған бала Теміртау ауруханасына жеткізілді.

Төтенше жағдайлар департаменті елді мекендерден тыс жерлерге және алыс қашықтықтарға, әсіресе түнде және ауа райы нашарлаған кезде жолға шығудан бас тартуды сұрайды.

Автожолдарда қозғалысқа тыйым салу немесе шектеу туралы ақпаратты қадағалап отыруға кеңес беріледі.

Ауа райының өзгеруі және автожолдардың жағдайы туралы жедел ақпарат Darmen мобильді қосымшасында, ТЖД ресми сайтында қолжетімді.

Оқиғалар мен ТЖ фактілері туралы 112 немесе (8-7212) 43-36-36, 43-37-37-ге хабарлау қажет.


Соңғы жаңалықтар