Қарағанды облысының киелі жерлеріне экскурсиялық турлар ұйымдастырылады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні және «Игі істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы Талды археологиялық паркінде экотур ұйымдастырды. Іс-шараны мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығы қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шет ауданындағы Талды археологиялық паркіне Жастар ресурстық орталығының өкілдері, оқытушылар, оқушылар және мұражай қызметкерлері аттанды. Мұнда олар бірегей тарихи ескерткіштермен танысып қана қоймай, ұқыпсыз жерлестерінің қалдырған қоқыстарын тазалай алды.

Талды археологиялық паркі тас, қола дәуірі, ерте темір ғасыры, орта ғасыр және этнографиялық қазіргі заман сияқты барлық тарихи кезеңдерінің ескерткіштерінің шоғырланған жері болып табылады. Қаражартас қорымындағы ең ірі Беғазы-Дәндібай кесенесін зерттеу нағыз жаңалық болды. Ескерткіш пирамидалық-сатылы құрылым болып табылады және сыртқы түрі бойынша Мысыр мен ацтек пирамидаларына ұқсайды. 2017 жылы жүргізілген қайта қалпына келтіру жұмыстары дала пирамидасының көрінісін қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қызметкерлері және Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің археолог-ғалымдары саябақ құру жобасын әзірледі.

Жоба бойынша археологиялық зерттеулер, қалпына келтіру және консервациялау жұмыстары жүргізілді. Паркте күзет тақталары мен нысандардың орналасу орындары көрсетілген. Қазіргі уақытта туристер үшін қажетті ақпараты бар үш тілде QR-коды бар баннерлерді орнату бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Алдағы уақытта Талды тарихи-археологиялық паркі бойынша экскурсиялық турлар әзірленіп, сынақтан өткізіледі, туристік жолсілтемелер шығарылады.

Соңғы жаңалықтар