Қарағанды облысының санитарлық бекеттерінде 27 мыңға жуық көлік тексерілді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының автомобиль жолдарында 6 санитарлық бекет жұмыс істейді. Онда полиция мен санитарлық қызмет мамандары кезекшілік етуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Санбекеттерде жүргізушілер мен жолаушылардың денсаулық жағдайы тексеріліп, тепловизордың көмегімен температуралары өлшенеді.

Санитарлық бекеттер ашылған сәттен бастап 26 700 көлік тексерілді. Термометрия 54 мыңнан астам адамға жасалды. Облыс аумағына кіретіндер сауалнамалар толтыруда.

Бұған дейін хабарланғандай, Қарағанды облысында коронавирус инфекциясы зертханалық түрде төрт адамда расталды. Барлығы өңірге сырттан келгендерден анықталды. Ауырғандар Қарағанды облысында тұрмайды. Олар оқшауланған бокстарда емделуде. Бүгінгі күні дәрігерлер пациенттердің жағдайын қанағаттанарлық деп бағалауда.

Облыста карантинде 295 адам бар. Бұл 1А санатындағы елдерден оралған немесе шартты түрде жұқтырған адамдармен байланыста болған азаматтар. Тағы 342 адам үй жағдайында карантиннен өтуде.

Облыста 9 мыңнан астам объектіде санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтілді. Тәртіп бұзушылықтар қатаң қадағаланады және жедел түрде жойылады. Кінәлі адамдарға айыппұл салынады немесе әкімшілік қамауға алынады.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері әкімшілік сотқа 80-нен астам іс тапсырды. Оның 28-і бойынша шешім шығарылды. 11 жағдайда адамдар әкімшілік қамауға алынып, қалғандарына айыппұл салынды. Тағы 54 іс алдағы уақытта қаралатын болады.


Соңғы жаңалықтар