Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлері қар құрсауынан 117 адамды құтқарды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының құтқарушылары Өңірдің барлық бағыттағы жолдарында күшейтілген жұмыс режимінде қызмет етуде.

Бірнеше сағат ішінде мамандар 100-ден астам адамды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды облысының барлық бағыттары бойынша автокөліктің барлық түрлері үшін жолдар жабылды.

ТЖД бөлімшелерінің, ПД және жергілікті атқарушы органдардың күшімен қар құрсауынан 117 адам құтқарылды, оның ішінде 11 бала бар, сондай-ақ 34 жеңіл және жүк автокөлігі сүйретіліп шығарылды.

Жолдарды тазалау үшін жол қызметтерінің күштері мен құралдары жұмылдырылған.



Соңғы жаңалықтар