«Қарағанды – Осакаровка» тасжолында жаппай көлік апаты болды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Қарағанды – Осакаровка» тас жолында көліктердің жаппай соқтығысу оқиғасы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Апат Қарағанды облысы Теміртау қаласының маңында болған. Оған бұрқасыннан жолдың көрінбеуі себеп болған.

«13 ақпан күні сағат 15:27-де «Қарағанды-Осакаровка» тас жолында ауа райының қолайсыздығына және жолдың көрінбеуіне байланысты жол-көлік оқиғасы болды. Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

Айта кету керек, ауа райының күрт өзгеруі салдарынан қазіргі уақытта «Қарағанды-Нұр-Сұлтан» және «Ботақара-Павлодар» бағытындағы автожолдар жабық тұр.




Соңғы жаңалықтар