+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Қарағанды полицейлері 10 күн бұрын жоғалып кеткен кәсіпкердің көлігін ғана тапты

2021 жылғы 14 қыркүйек 12:40
Бөлісіңіз:
Қарағанды полицейлері 10 күн бұрын жоғалып кеткен кәсіпкердің көлігін ғана тапты

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында 10 күн бұрын жоғалып кеткен кәсіпкердің бос автокөлігі табылды. Ер адамның өзін іздеу жұмысы әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да 35 жастағы ер адам екі айдан бері табылмай жатыр

Осыған дейін хабарланғандай, 5 қыркүйекте Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының полиция бөліміне Бұқар жырау ауданы Доскей кентінің 36 жастағы тұрғынынан арыз келіп түскен.

Әйел 3 қыркүйекте күйеуі Өмірсерік Әлімқұлов 8.30 шамасында Мерседес-230 автокөлігімен Нұра ауданына қарай Шұбаркөл кентіне вахтаға шыққанын және осы уақытқа дейін оның межелі орнына жетпегенін хабарлаған.

Аталған факті Жаңаарқа ауданының полициясында тіркелген. Іздеу жұмысы басталды.

«12 қыркүйекте Қаражал қаласы және Жаңаарқа ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Шалғы кентінен Жаманайбат кенішіне дейінгі аралықта жоғалып кеткен ер адамды іздеді. Іздеуге бес мототехника және жол талғамайтын 3 көлік тартылды. Шалғы ауылынан 50 шақырым жерде полиция қызметкерлері жоғалған ер адамның Мерседес – 230 маркалы автокөлігін тапты. Көлікке көзге көрінетін зақым келмеген және бұзылмаған. Автокөлік есігі құлыптанған. Кинологтар, еріктілер және полиция департаментінің бүкіл гарнизоны жұмылдырылған іздеу шаралары жалғасып жатыр. ҚР ТЖМ Ми-8 тікұшағы іздеу аумағына ұшып шықты», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT