+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Қарағанды полицейлері Қызыл кітапқа енген жануарлардың 274 мүйізін тәркіледі

2021 жылғы 17 сәуір 18:15
Бөлісіңіз:
Қарағанды полицейлері Қызыл кітапқа енген жануарлардың 274 мүйізін тәркіледі

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында көлігінде 274 киік мүйізі мен түрлі маркалы қаруы бар үш ер адам құрықталды. Ұсталғандар жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Каспий теңізіндегі тереңдету жобасын қоғамдық мониторинг бақылайды Сағынтаев жасыл желекті, көшеттерді күтіп ұстауды тапсырды БҚО шекарасында 300-ге жуық тонды заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Қарағанды облысы Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Қызыл кітапқа енгізілген жануарлардың мүйіздерін сату саласындағы қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша іс-шараларды өткізу барысында 15 сәуір күні Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы кенттерінің бірінде 34 жастағы ер адамның басқаруындағы автокөлікті ұстады.

«Аталған көлік құралының салонында Жаңаарқа ауданының 34 жастағы тұрғыны және Қарағанды қаласының 28 жастағы екі тұрғыны болған. Тексеру және тергеу амалдары кезінде полицейлер ұсталғандардан 274 киік мүйізі мен түрлі маркалы қару тәркіледі», - деді облыстық ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабы «сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын заңсыз пайдалану» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Сондай-ақ, ҚР ҚК 287-бабы «оқ қаруын заңсыз сақтау» бойынша тергеуден өтеді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталғандар қамауға алынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT