Қарағанды полицейлері жыл басынан бері 200-ден астам интернет-алаяқтықты анықтады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы полиция департаментінің өкілдері интернет-алаяқтыққа қатысты брифинг өткізді. Спикерлер азаматтарға ғаламторда алақол азаматтардыңқұрығына түсіп қалмау үшін қандай амалдар қолдану керектігін айтты, деп хабарлайдыҚазАқпарат тілшісі.

Брифингте Қарағанды облысының полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин 2021 жылы интернет-алаяқтардың төрт тұрақты тобының ұсталғанын хабарлады.

«Ағымдағы жылдың тек екі айында ғана біздің өңірдің 516 азаматы интернет-алаяқтық туралы өтініш жазды. Қазіргі уақытта жедел және тергеу іс-шараларының нәтижелері бойынша интернет- алаяқтардың төрт тұрақты тобы ұсталды. Он жеті алаяқ қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына жіберілді, оларға интернеттегі алаяқтықтың 200-ден астам жағдайы бойынша айып тағылды», - деді ол.

Сондай-ақ, Қарағанды қаласының полиция басқармасы бастығының орынбасары Шахназар Салин интернет-алаяқтықтың танымал тәсілдері туралы жеткізді.

«Қарағанды облыс орталығы болып табылады және қылмыстық құқық бұзушылықтардың іске

асырылу деректерінің басым бөлігі қалаға тиесілі. Бір тәулік ішінде біз құқық бұзушылықтың осы түрінің 7-ден 12-ге дейінгі фактісін тіркей аламыз. Алайда, Қарағанды бойынша осындай инциденттердің алдын алуға бағытталған бірқатар іс- шаралар тұрақты түрде жүргізіледі. Бірінші кезекте - азаматтарды ескерту. Бүгінгі таңда біз бұл мәселені БАҚ-та үнемі жариялап отырамыз және интернет-алаяқтардың іс-әрекеттерінің мысалдарын көрсететін бейнероликтер түсіреміз. Негізінен алаяқтар жұмыс істейтін алты бағыт бар. Олар: интернетте тауарлар үшін алдын ала төлем немесе толық төлем алу, шағын несие ұйымдарының сайттары арқылы азаматтарға онлайн-несие ресімдеу. Банк қызметкерлері ретінде тұрғындарды алдау, жиһаз, пластик терезелер жасау, пәтерлерді жалға беру үшін алдын ала төлем немесе толық төлем алу; түрлі жобаларға ақша қаражатын «тиімді» салу, карталардың, шоттардың дербес деректерін иелену және кейіннен ақша қаражатын ұрлау», деп мәлім етті Ш. Салин.

Полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, азаматтар ешкімге төлем карталарының немесе шоттардың мәліметтерін ұсынбауы тиіс. Бұл деректерді олардан сұрауға немесе талап етуге ешкімнің құқығы жоқ. Мұны банк қызметкерлері де, құқық қорғау органдарының қызметкерлері де жасай алмайды. Сондай-ақ, спикер егер азаматтар интернет-алаяқтыққа тап болса, қалай әрекет ету керектігі туралы да айтты.

«Егер сіз немесе сіздің туыстарыңыз алаяқтарға тап болса, онда дереу банктің жедел желісіне

қоңырау шалып, сіздің шотыңызда қандай да бір берешек бар ма немесе қандай да бір заңсыз

операциялар жүргізіліп жатқанын білуіңіз керек. Әрі қарай, сіз бірден 102 нөміріне қоңырау

шалып, болған жағдай туралы хабарлауыңыз қажет. Алаяққа тән белгі – адамға психологиялық қысым жасау, олар ешқашан қоңырауды үзбейді. Өзіңізді осындай оқиғалардан қорғау үшін қоңырауды қайта шалу керек немесе қоңырау шалушыға қазір банктің сенім телефонына қайта қоңырау шалғаныңызды айту керек. Егер адам қарсы тұра бастаса, онда бұл - алаяқ. Банк қызметкері ешқашан өз пайдаланушысына қоңырау шалмайды және мұндай операциялар туралы сөйлеспейді», - деді Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.


Соңғы жаңалықтар