Қарағандыда 16 қазаннан бастап ауылшаруашылық жәрмеңкелері ұйымдастырылады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында жергілікті фермерлер мен кәсіпорындардың қатысуымен дәстүрлі «Ауыл Береке» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандыда бірінші жәрмеңке 16 қазанда сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін «GLOBAL CITY» КТО аумағында өтеді.

Жәрмеңкеде облыстың және қаланың ауыл шаруашылық тауар өндірушілері мен фермерлері сатып алушыларға көкөніс, жеміс-жидек, ет, сүт және ет өнімдерін және т.б. ұсынады.

Келесі облыстық жәрмеңкелер 23 қазан мен 6 қарашаға жоспарланған. Қалған демалыс күндері 17 қазаннан бастап қалалық жәрмеңкелер өтеді.

Мекен-жайы: Қарағанды қ., 134-ші есептік квартал (Тәттімбет және Момышұлы көшелерінің қиылысы).

«GLOBAL CITY» КТО-на № 40, 56, 5, 146 автобуспен және № 02 және 29 маршруттық көліктермен жетуге болады.

Автокөлік иелеріне ыңғайлы болу үшін «GLOBAL CITY» КТО аумағында үлкен тегін тұрақ бар.


Соңғы жаңалықтар