Қарағандыда 21 мыңнан астам оқушы жалпыреспубликалық ашық сабаққа қатысты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге арналған жалпыреспубликалық ашық сабақтарға 21 мыңнан астам бала қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

29 қараша күні Қарағанды қаласының барлық білім беру ұйымдарында «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтары» тақырыбында ашық сабақтар ұйымдастырылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының қоры ұсынған «Өзгерістер қуаты», «Қазақстан патриоты» деректі фильмдері көрсетілді.

Аталмыш шараларға қаладағы мектептердің 21162 оқушысы, 781 педагогы мен қонақтар қатысты.

Соңғы жаңалықтар