+7 (701) 759 90 19
USD 414.77 EUR 506.81
RUB 5.64 CNY 64.32
Jańalyqtar

Қарағандыда адам ұрланды

2021 жылғы 23 ақпан 20:34
Бөлісіңіз:
Қарағандыда адам ұрланды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда полицейлер қала тұрғынын ұрлап кеткен қаскүнемдерді ізін суытпай ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда үш қабатты қонақүй мен гүл сататын дүкен сүрілді БҚО-да полиция қызметкерлері келіншекті автокөлікте босандырып алды Ганада екі автобус соқтығысып, 16 адам қаза тапты

21 ақпан күні Қарағанды қаласының полиция басқармасының Михайловский полиция бөліміне бейтаныс адамдардың 34 жастағы ер адамды «Тойота» маркалы автокөлігінің салонына күштеп отырғызып, оны белгісіз жаққа алып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

«Санаулы уақытта оқиға орнына Қарағанды қаласының патрульдік полициясының жақын маңдағы бірнеше жасағы келді. Полицейлер қала көшелерінің бірінде бағдардағы көлікті байқаған. Олар көлікті тоқтатқан. Онда екі күдікті – 25 және 33 жастағы ер адам, сондай-ақ ұрланған азамат болған», – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Қаскүнемдер кінәларын мойындады. Ұсталғандардың айтуынша, олардың заңсыз әрекеттерінің себебі жәбірленушінің ақшалай қарызы болған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 125-бабы «Адамды ұрлау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT